Компания туралы

Image

«Атакент»  ҚІЫО» АҚ  - Орталық Азиядағы ешбір ұйымға ұқсамайтын, бірегей көп функциялы кешен.

«Атакент»  ҚІЫО» АҚ  Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетінің 1992 жылғы 17 тамыздағы №688 «Қазақстандық іскерлік ынтымақтастық орталығын құру туралы» қаулысымен құрылған болатын.

«Атакент» компаниясы ұйымдық-құқықтық нысаны бойынша акционерлік қоғам  және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі және заң күші бар Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес құрылған.

«Атакент»  ҚІЫО» АҚ  құрылтайшысы және басқармасы осы жобаның шеңберінде мәселерді шешу үшін жеткілікті әлеует пен тәжірибеге ие.

«Атакент»  АҚ Шығыс Еуропа, Орталық Азия аймағы, сонымен қатар ТМД мемлекеттерінде көрме қызметін жоғарыда ұстауды қамтамасыз ету үшін  инвестициялық тартымдылығы, бірталай экономикалық, көрме – жәрмеңкелік және адами потенциалы жоғары. «Атакент»  АҚ-мен жүзеге асырылатын қызметтер халықаралық көрме қызметіне сәйкес келеді.

«Атакент»  АҚ әрекет етіп жатқан жылдары барлық павильондарды, ғимараттарды және басқа да инфрақұрылымды қайта құруға бағытталған жұмыс жүргізілді.

Image

Атақты батыстық компаниялармен серіктік қарым-қатынастар орнатылған, жоғары білікті мамандардың құрамы жасақталған. Осының бәрі «Атакент»  АҚ-на көрмелер, жаңа технологиялар мен техникалық жаңалықтарды таныстырушы орын ретінде танылған ТМД мен Шығыс Еуропадағы ең ірі халықаралық орталықтардың біріне айналуға мүмкіндік берді.

Қазіргі уақытта «Атакент»  АҚ тек қана Қазақстан емес, сонымен қатар ТМД аймағында кең танымалдылыққа ие. Барлық жұмысшылар құрамының үйлескен жұмысына сәйкес, барлық бағыттарда ірі жетістіктерге қол жеткізілген.

            Қазіргі уақытта, павильондарды, ғимараттарды және басқа да инфрақұрылымды қайта құруға бағытталған мақсатты жұмыстан кейін, «Атакент»  АҚ  Орталық Азия мен ТМД-дағы ірі халықаралық көрме орталықтарының  біріне айналды.  Жыл сайын «Атакент»  АҚ –ның аумағында 8000-нан астам шетелдік фирмалар мен компаниялардың қатысуымен, 50-60 ірі ұлттық және халықаралық көрмелер өтеді.

«Атакент» қаржы-шаруашылық бағыттары:

Көрмелер мен жәрмеңкелер

Коммерцияық қызмет

Құрылыс және инвестииялар

Ойын-сауық индустриясы

Қоршаған ортаны көркейту

Image
Image

Нарықтық жағдайда «Атакент» АҚ-ның негізгі міндеті кез-келген масштабтағы көрмелер мен жәрмеңкелерді ұйымдастыру және өткізу. Тек көрмелерде ғана компаниялар өздерінің тауарларын көрсетуге, өздерін таныстыруды үйренеді. Көрмелердің қызметінің нәтижесі – жаңа технологияларды тарту, өзара пайдалы шартттарға қол қою, филиалдарды ашу. Алайда, барлық бағыттардағы динамика мен дамуды қажет етеді. Осыған байланысты ХХІ ғасырда «Атакент» акцонерлік қоғамының келесі жаңа міндеттері пайда болды:

  • Қазақстанның басқа мемлекеттермен, халықаралық ұйымдармен және компаниялармен берік экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени байланыс орнатуы, сондай-ақ «Атакент» компаниясының бұрыннан қалыптасқан кәсіпорындармен, компаниялармен және мемлекеттермен бар қарым-қатынастарын жан-жақты ұлғайту;
  • Көрмелер, аукциондар, сайыстар, жәрмеңкелер, биржалық және халықаралық сауданы ұйымдастыру және өткізу;
  • Заманауи технопарк құрылымдарды дамыту;
  • Кәсіпорындардың халықаралық өнеркәсіптік-технологиялық кооперацияны дамыту;
  • Республика аумағында және басқа да мемлекеттерде өзара тиімді шетелдік инвестиция мен несиені құру;
  • Ғылымның, техниканың және жаңа технологияның соңғы отандық және шетелдік жетістіктерін көрсету, сонымен қатар, өндірісте іскерлік байланысты орнату;
  • Отандық және шетелдік серіктестерде экономиялық өзара тиімді байланысты орнату және кеңейту бойынша қызмет көрсету;
  • Туристік бизнесті дамыту;
  • Развитие туристического бизнеса;
  • Алматы қаласы тұрғындарына мәдени және ойын-сауық іс-шараларын ұйымдастыру, сондай-ақ жоғары сапалы қызметпен қамтамасыз ету.

«Атакент»  ҚІЫО» Акционерлік Қоғамы