«Ақниет» қайырымдылық қоры

Қордың 2005 жылы Қалық Абдуллаевтың жеке қаражаты есебінен және бастамасымен негізі қаланған. Қор Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі және «Коммерциялық емес Ұйымдар туралы» заңына сәйкес әзірленген  жарғы негізінде жұмыс жасайды.

Қордың қамқоршылар кеңесі:

Абдуллаев Қ. – «Атакент» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы 
Строон Э. – «ITE GROUP» (Лондон) Директорлар кеңесінің мүшесі
Әбіш Д. – «Айғақ» баспа үйінің президенті
Шөкин К.Ш. – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, ғалым.

Қордың негізгі мақсаты мен бағыты:

  • Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында оқитын жағдайы төмен жастарға материалдық көмек көрсету;
  • Балалар үйлеріне материалдық көмек көрсету;
  • Мүгедек пен науқас адамдарға материалдық көмек көрсету;
  • «Мәдени мұраны өркендету» бағдарламасына қатысу және өнерді қолдау;
  • Рухани дамуға бағытталған бағдарламаларды жүзеге асыру;
  • Атаулы қайырымдылық акцияларын ұйымдастыру;
  • Әлеуметтік мәселелерді шешу үшін мемлекеттік және басқа да органдармен өзара әрекеттестік пен ынтымақтастық;
  • 2015-2020 жылдары «Ақниет» қоры білім беру және қайырымдылық қызметін жалғастырады;
  • Жыл сайын қордың есебінен жоғарғы оқу орнына бес ұл және қыз баланы қабылдайды;
  • Жыл сайынғы бес балалар үйінің демеушілік көмегі жалғасады;
  • «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында өнерді қолдау жұмысы одан әрі дамиды.

Қордың жаңа бағыты 2014 жылы бастама алған «Спортты дамытуды қолдау» бағдарлама аясында болады және ол келесіні қамтиды:

Төле би ауданындағы, Қаратөбе ауылында спорттық клуб және «Купкин» отбасылық балалар үйінде гимнастика залы салынды:

Балалар үйінде және ауылдық мектептерде спорт жарысы мен  спартакиада үшін демеушілік көмек көрсетілді;

Бес балалар үйінің қолданыстағы залдары мен сыныптарына қажетті спорттық жабдықтармен жабдықталған;

«Атакент»  ҚІЫО» Акционерлік Қоғамы