Көрме павильондары

  • pavs
  • pavs
  • pavs
  • pavs
  • pavs

Image

Қазақстанда халықаралық көрмелерді ұйымдастырумен айналысатын жетекші компания - «Атакент-Экспо» Халықаралық Көрме Компаниясы»  ЖШС (Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестік). Қазақстанның дамып келе жатқан нарығына деген қажетті талап - ірі халықаралық көрмелерді ұйымдастыру және өткізу.

Бұл мәселенің шешімі «Атакент-Экспо» ХКК  қызметкерлерінің іс-әрекетіне бағытталған. «Атакент-Экспо» компаниясында көрмелер мен жәрмеңкелер, жарнама-хабар, әкімшілік қызмет көрсету, стендтік құрылыс және жобалау жұмыстарын ұйымдастыру мен үйлестіру құрама топтары жұмыс жасайды.

Байланыс деректері:


Қазақстан, 050057, Алматы қ. Тимирязев, 42

+7 -727-2750911

+7 -727-2750838

office@atakentexpo.kz

www.atakentexpo.kz


Қазақстандық Iteca көрме компаниясы – b2b форматындағы іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу саласында Орталық Азия аймағының көшбасшысы. 30 жыл бойы кәсіби мамандардан құралған команда бизнес үшін шынымен тиімді халықаралық салалық көрмелерді, ірі форумдар мен конференцияларды табысты ұйымдастырып келеді.

Жыл сайын 25-тен астам көрме іс-шарасы 55 елден халықаралық бизнес өкілдерін тартып, Қазақстан нарығына жол ашып, түрлі экономикалық секторлардағы халықаралық әріптестіктің аясын кеңейтеді. Аталған секторларға мұнай мен газ, энергетика, тау-кен ісі мен металлургия, құрылыс, туризм, көлік және логистика, азық-түлік өнеркәсібі мен ауыл шаруашылығы, медицина салалары жатады. Жыл бойы 80 елден 47 000-нан астам салалық мамандар біздің іс-шараларымызға қатысады.

Iteca компаниясының портфеліндегі он бір көрме Дүниежүзілік көрме индустриясы қауымдастығының (UFI) «UFI Approved Event» белгісіне ие болған. Бұл көрмелердің жоғары ұйымдастырушылық деңгейін, бизнестің дамуына және саланың қалыптасуына қосқан үлесін, сондай-ақ ұсынылған статистиканың шынайылығын растайды.

Біздің іс-шараларға Қазақстан Республикасының Үкіметі, салалық министрліктер мен комитеттер, облыстық және қалалық әкімдіктер, сондай-ақ салалық қауымдастықтар ресми қолдау көрсетіп келеді.

Iteca компаниясы көрмелерге қатысуды толық сүйемелдеуді қамтамасыз етеді: көрме алаңын жалға беру, стендтерді жобалау және құру, техникалық жабдықтау, маркетингтік ілгерілету.

Iteca – Сіздің бизнесіңізді Қазақстанда дамытуға арналған бірегей мүмкіндік.

Контакты


Қазақстан, 050057, Алматы қ. Тимирязев, 42, БО (Бизнес-Орталық) «World Trade Center Almaty», бөлім С, 8 қабат

+7 727 2583434

+7 727 2583444

contact@iteca.kz

www.iteca.kz

  • pavs
  • pavs
Image

Көрсеткіштер

Айына
0
-нан астам келуші қонақтар

Аумағы
0мың
ш.м.

Жылына
0
-тан астам көрме

«Атакент»  ҚІЫО» Акционерлік Қоғамы


  • Қазақстан, 050057, Алматы қ. Тимирязев, 42, 9D павильоны
  • +7 (727) 275 17 17